Жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында
Желтоқсан 23, 2024Доха қаласында өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында біздің спортшылар тамаша нәтижелер көрсетті. Жарыс жасөспірімдер арасында 67 кг салмақта, ал қыздар арасында 64 кг және 71 кг салмақ дәрежелерінде өтті.
Жасөспірімдер, 67 кг:
- Әскербай Алихан – қос сайыс қорытындысы бойынша 184 кг көтеріп, алтын медаль жеңіп алды 🥇 (жұлқа көтеру – 133 кг, 1-орын🥇; серпе көтеру – 151 кг, 3-орын🥉).
- Тұрсынбеков Ерсұлтан – қос сайыста 278 кг (жұлқа көтеру – 128 кг, 2-орын🥈; серпе көтеру – 150 кг) нәтижесімен күміс медаль иеленді 🥈.
Қыздар, 64 кг:
- Тәнибергенова Алтынай – қос сайыс бойынша 192 кг (жұлқа көтеру – 84 кг, серпе көтеру – 108 кг) нәтижесімен үш күміс медаль жеңіп алды 🥈🥈🥈.
Қыздар, 71 кг:
- Данилова Кира – қос сайыста 199 кг нәтижемен күміс медаль иеленді 🥈 (жұлқа көтеру – 89 кг, 1-орын🥇; серпе көтеру – 110 кг, 2-орын🥈).
- Ысмынова Бибінұр – қос сайыс бойынша 170 кг (жұлқа көтеру – 75 кг, серпе көтеру – 95 кг) нәтижесімен үш қола медаль жеңіп алды 🥉🥉🥉.
Спортшыларымызды чемпионаттағы табысты өнерімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры.