Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты. Чемпионаттың үшінші күнінің қорытындылары.
Шілде 16, 2025
17 жастағы Алихан Аскербай Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 алтын медаль жеңіп алды.
Ол бірден алты рекорд орнатты — үш әлемдік және үш азиялық. Рывок жаттығуында Алихан 141 келі, ал жұлқа көтеруде 169 келі көтерді. Қоссайыс нәтижесі де әлем және Азия рекорды болып тіркелді.

Осы салмақ дәрежесінде Ернұр Мырзахмет те жақсы нәтиже көрсетті. Ол рывокта 131 келі, жұлқа көтеруде 152 келі көтеріп, күміс және қола медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының командалық табысына өз үлесін қосты.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры «Sport Qory»