Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының төртінші күнінің нәтижелері: алтын медальдар және Азия рекордтары

Шілде 16, 2025

Жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындаөтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан екі Азиялық рекордқа және әртүрлі дәрежедегі медальдарға ие болды. 

Ерлер арасындағы 79 кг дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) қазақстандық үш ауыр атлетсәтті өнер көрсетті.

Едіге Емберді жұлқи көтеруде 153 кг нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Серпе көтеруде 194 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Ал қос сайыс нәтижесінде Едіге 347 кг көтерді.

Ақжол Құрманбек жұлқи көтеру сайысында 151 кг нәтиже көрсетті. Ол сондай-ақ серпе көтеруде 192 кг және қос сайыс нәтижесінде 343 кгеңсеріп екі күміс медаль еншіледі. 

15 жастағы Нұржан Жұмабай үш алтын медаль жеңіп алды. Жұлқи көтеруде — 140 кг, серпе көтеруде — 175 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты. Қос сайыста 315 кг нәтижемен абсолютті чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы Нұрсыйла Берікбол Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрсыйла жұлқи көтеруде 79 кг салмақты сәтті бағындырды. Қос сайыс нәтижесі бойынша 177 кг көтеріп, жалпы есепте де қола медаль иеленді.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры «Sport Qory»