Астанадағы чемпионаттың екінші күні Қазақстанға қола медаль және Азияның жаңарекордын алып келді

Шілде 16, 2025

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер, жастаржәне қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстанқұрамасының қоржынына кезекті қола медаль түсті.

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Қайсар Мысырбек жұлқа көтеружаттығуында 98 келіні еңсеріп, қола жүлдеге иеболды. Ал серпе көтеруде 121 келі нәтижеменбесінші орыннан көрінді. Қос сайыс қорытындысыбойынша Қайсар төртінші орынға тұрақтады.

Бұл салмақ санатында Вьетнам құрамасыныңспортшысы Ван Тэ Хунг абсолютті көшбасшыатанып, жаңа Азия рекордын жаңартты: жұлқакөтеру – 105 келі, серпе көтеру – 137 келі, қоссайыс – 235 келі.

Сол күні A тобы аясында қазақстандық тағы екіспортшы – Нұрсезім Абатқызы (53 кг дейін) мен Алишер Тұрғанбай (60 кг дейін) де өзшеберліктерін көрсетті. Екеуі де жақсы нәтижекөрсеткенімен, жүлдеден сәл ғана қалып, төртіншіорынмен шектелді.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының демеушілері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры «Sport Qory»