Ауыр салмақтағы күміс пен қола: Азия чемпионатының алтыншы күні

Шілде 23, 2025

Жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындаауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтыншы жарыс күніндеқазақстандық спортшылар ауыр салмақдәрежелерінде сенімді өнер көрсетіп, күміс жәнеқола медальдарға ие болды.

+94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенАңсар Тұрсынбек 171 кг зілтемірді жұлқи көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол қоссайыстың жалпы қорытындысы бойынша 326 кг көтеріп, тағы бір күміс медаль жеңіп алды.

110 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жарысқақатысқан қазақстандық ауыр атлет Матвей Макрушин үш медаль жеңіп алды. Жұлқи көтерусайысында ол 148 кг көтеріп, қола жүлдегератанды. Ал серпе көтеруде 183 кг еңсеріп, екіншіорынға ие болды. Қос сайыстың жалпы нәтижесі331 кг бойынша тағы бір күміс медальға ие болды. 

Қазақстандық Санжар Жолтай Азия чемпионатында 110 кг-нан жоғары ең ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жұлқи көтеруде ол 155 кг бағындырып, қола медаль иеленді. Сілкекөтеруде — 185 кг, ал қос сайыс нәтижесі — 340 кг құрады. Бұл көрсеткіш оған жалпы есепте үшінші орынды алып, тағы бір қола медаль жеңіп алуғамүмкіндік берді.

10 шілде, чемпионаттың соңғы күнінде тек +86 кг салмақ дәрежесінде сайыс өтеді. Бұл сындаеліміздің намысын Сания Орманбаева қорғайды.

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында21 алтын, 12 күміс және 19 қола медаль бар.