ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ИСПАНИЯ ЛЕОН Қ. 2024ж. 

Қазан 1, 2024

Испания, Леон қаласында 19-27 қыркүйек аралығында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты өтті. 

Жалпы командалық есепте жиналған ұпайлар бойынша Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 48 қатысушы ел арасында төртінші орынға ие болды!

Қазақстандық ауыр атлеттердің нәтижелері:

   Жасөспірімдер:

1. Чуев Сергей 61 кг. салмақ дәрежесінде 265 кг. нәтижесімен қоссайыс сомасында (118+147) 6 орын.

2. Сәулебеков Ерасыл 81 кг. салмақ дәрежесінде 154 кг. серпіліс (4 орын), итеру 190 кг. (2 орын)🥈, сомасы 344 кг. (3 орын)🥉

3. 89 кг салмақ дәрежесінде Емберді Едіге. серпіліс 153 кг. (5 орын) , итеру 199 кг. (1 орын) 🥇 , сомасы 352 кг. (1 орын)🥇.

4. Макрушин Матвей 96 кг. салмақ дәрежесінде 311 кг. нәтижемен қоссайыс сомасында (140+171) 14 орын.

5. Бетехтин Данил 102 кг. салмақ дәрежесінде 321 кг. нәтижесімен қоссайыс сомасында (141+180) 9 орын.

6. Оқашев Темірлан 102 кг. салмақ дәрежесінде 323 кг. нәтижесімен қоссайыс сомасында (140+183) 7 орын.

7. Варивода Максим 109 кг. салмақ дәрежесінде 324 кг. нәтижесімен қоссайыс сомасында (145+179) 7 орын.

8. Жолтай Санжар +109 кг. салмақ дәрежесінде 331 кг. нәтижемен қоссайыс сомасында (151+180) 11 орын.

     Қыздар:

1. Иванова Валерия 59 кг. салмақ дәрежесінде 181 кг. нәтижесімен қоссайыс сомасында (82+99) 13 орын.

Спортшыларды Әлем чемпионатында өнер көрсетулерімен құттықтаймыз, жарқын жеңістер мен жоғары жетістіктер тілейміз!