🥉Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды.
12 ноября, 2025
110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті.
Ең үздік мүмкіндігінде ол 223 келіні еңсерді. Бұл жаттығуда өзбекстандық Акбар Джураев (227 келі) топ жарса, ирандық Алиреза Насири (224 келі) екінші орын алды.
Айта кетейік, жұлқа көтеруде Артем 161 келіні бағындырып, жетінші орынға ие болса, қоссайыстың қорытындысы бойынша 384 (161+223) келіні еңсеріп, бесінші орынға тұрақтады.
📸 Нұрғали Жұмағазы
@olympickz





