🥈Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
27 октября, 2025
Спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде екінші орынды иеленді. Ерсейіт үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, үздік мүмкіндігінде 123 келіні еңсерді. Осылайша күміс медаль алды.
Бірінші орынды Солтүстік Корея спортшысы Джин Мен Во иеленді — 124 келі. Ал қола жүлде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Алмохаймедке бұйырды — 122 келі.
@olympickz

🥈Казахстанский штангист Бейбарыс Ерсеит стал обладателем серебряной медали юношеских Азиатских игр в Манаме (Бахрейн).
Спортсмен финишировал вторым в «рывке» в категории до 65 килограммов.
Ерсеит реализовал две попытки из трех. В лучшей он поднял 123 килограмма. Этот результат принес ему второе место.
Первое занял Джин Мен Во (Северная Корея) — 124 килограмма. «Бронзой» отметился Абдулла Алмохаймед (Саудовская Аравия) — 122 килограмма.
@olympickz





