🥇Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды.

27 октября, 2025

Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Жұлқа көтеруде Әскербай үздік мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Әлихан өз рекордын өзі жаңартты. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады.

Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынға табан тіреді.

@olympickz

🥇Алихан Аскербай, представляющий команду Казахстана по тяжёлой атлетике, финишировал первым на юношеских Азиатских играх в Манаме (Бахрейн).

Он принес стране золотую медаль в весовой категории до 71 килограмма.

В “рывке” Аскербай в лучшей попытке поднял 144 килограмма. Данный результат стал новым рекордом мира — Аскербай побил собственный. При этом он установил новые рекорды Азии и юношеской Азиады.

Второе место у китайца Чен Синсин -143 килограмма. Третьим стал Хаетбек Ерматов (Узбекистан) — 131 килограмм.

@olympickz