🥇Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші алтын медалін жеңіп алды.

11 ноября, 2025

Отандасымыз 94 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысы бойынша 385 (175+210) келіні еңсерді.

Осылайша жерлесіміз Ислам ойындарын үш алтын медальмен аяқтады.

📸 Тұрар Қазанғапов

@olympickz